Вице-премьер Акдоған гуманитарлық жәрдемдерді түсіндірді

Вице-премьер Түркия ортаға қойған гуманитарлық дипломатияның адамзаттың, ұжданның үні екенін атап айтты.

441254
Вице-премьер Акдоған гуманитарлық жәрдемдерді түсіндірді

Вице-премьер Ялчын Акдоған әсіресе соңғы бірнеше жылда Түркия ортаға қойған гуманитарлық дипломатияның адамзаттың, ұжданның үні екенін атап айтты.

Вице-премьер Акдоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жалпы Кеңесінде Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі «ТИКА», Шетелдік түріктер мен туыстас қауымдастықтар басқармасы, Апат және төтенше жағдайлар басқармасы мен Вакыфлар бас дирекциясының бюджет жайлы сөз алды.

Бұл мекемелердің Түркияның шетелдегі абыройы, ұлттың мақтанышы екенін тілге тиек еткен Ялчын Акдоған Түркияның аталмыш мекемелер арқылы атқарған жұмыстарының арқасында әлемнің көптеген жерінде мақтан тұтылып, құрметтелгенін білдірді.

Акдоған 2003 жылы 85 миллион доллар ресми өркендеу жәрдемі жасаған Түркияның 2014 жылы ресми өркендеу жәрдемдерін 3 миллиард 591 миллион долларға жеткізгеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар