Давутоғлу және Меркель телефонмен әңгімелесті

Басшылар Сириядағы соңғы жаңалықтар жайлы көзқарас бөлісті.

432648
Давутоғлу және Меркель телефонмен әңгімелесті

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу және Германия канцлері Ангела Меркель кеше телефонмен әңгімелесті. Басшылар Сириядағы соңғы жаңалықтар жайлы көзқарас бөлісті.

Премьер-министр Давутоғлу әңгіме барысында ПКК террор ұйымының Сириядағы тармағы ПЙД/ЙПГ-нің Азаз мен Тель-Рыфатқа шабуылдағанын және шабуылдардың артынан жаңа бір босқын көшінің тек Түркияны емес, Еуроодақты да нысанаға алғанын атап айтты.

ПЙД-нің шабуылдарына Түркияның рұқсат етпейтінін атап көрсеткен Давутоғлу «Қауіпсіздік күштеріміз ПЙД/ЙПГ террор ұйымына қажетті қарсылықты көрсетті және бұл ұстаным жалғасады» деді.

Келіссөздерде сондай-ақ заңсыз көшпен күрес саласында Түркия мен Германия арасындағы екі жақты ынтымақтастық пен Еуроодақ алдында көп тұсты ынтымақтастық қолға алынды.



Ұқсас жаңалықтар