Ресей әуе шабуылы тоқтамай соғыс тынбайды
Чавушоғлұ «Әуе шабуылы тоқтамаса, атыс доғарылмайды» деді.
Чавушоғлұ «Әуе шабуылы тоқтамаса, атыс доғарылмайды» деді.
Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Ресейдің Сириядағы әуе шабуылдарын тоқтатпаған жағдайда соғыстың тынбайтынын айтты.
Чавушоғлұ Германияның Мюнхен қаласында ұйымдастырылған Сирия қолдау тобы жиналысынан шыққан шешімді Твитт есеп-шоты арқылы түсіндірді.
17 ел қатысқан Мюнхендегі Сирия жиналысынан «1 апта ішінде атысты тоқтату» шешім жасалғанын еске салған Чавушоғлұ «Әуе шабуылы тоқтамаса, атыс доғарылмайды. Аймаққа гуманитарлық жәрдем де жетпейді» деді.
Чавушоғлұ дағдарысты шешу үшін қазір маңызды бір орайдың алдыда екеніне назар аударды.
Ұқсас жаңалықтар
Түркия мен Румыния арасындағы қарым-қатынас дамуда
Джевдет Йылмаз Түркияның Қаратеңіз қауіпсіздігі үшін Румыниямен бірге жұмыс істеп жатқанын айтты.