Сыртқы істер министрлігі Ресейді айыптады

Әуе күштері қолбасшылығы әуе базаларына «соғысқа дайындық сигналы» берілді.

425937
Сыртқы істер министрлігі Ресейді айыптады

Ресейге тиесі бір SU-34 соғыс ұшағының түрік әуе кеңістігін бұзуының артынан Анкарадағы орыс өкілетті елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Сыртқы істер министрлігі аталмыш ұшақтың жұма күні (29 қаңтар) жергілікті уақытпен 11:46-да түрік әуе кеңістігін бұзғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде «Мұндай бұзақы әрекеттер нәтижесінде ортаға шыға алатын қаланбаған қайғылы оқиғалардың жауапкершілігінің толығымен Ресей Федерациясының мойынында екенін тағы бір рет ескертеміз. Бұл тақырып министрлігімізге шақырылған Ресей Федерациясы өкілетті және төтенше елшісіне қайта түсіндіріліп, аталмыш тақырып қатаң түрде наразылық көрсетіліп, айыпталды» делінді.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде орыс ұшағына әуе кеңістігін бұзуы алдында түрік әуе радарлары тарапынан орыс және ағылшын тілінде ескерту жасалғанына назар аударылып, «Еліміз және НАТО тарапынан жасалған ашық ескертулерге қарамастан бұл бұзушылық Ресей Федерацияның мәселені күрделендіруге бағытталған әрекетінің жаңа және нақты бір көрсеткіші. Ресей Федерациясына түрік әуе кеңістігінің жалпы алғанда НАТО әуе кеңістігінің тапталғаны тақырыбында жауапкершілік мойындау үшін ашық және нақты түрде шақыру тастаймыз» делінді.

2015 жылы 24 қараша күні түрік әуе кеңістігін бұзған бір орыс ұшағының түрік F-16 соғыс ұшақтары тарапынан құлатылуы себепті Анкара-Мәскеу қарым-қатынастарында дағдарыс туылған болатын.

Басқа жағынан орыс ұшағының түрік әуе кеңістігін бұзуының артынан түрік қарулы күштері Әуе күштері қолбасшылығы базаларында «екінші дәрежелі сигнал» берілді.

Екінші дәрежелі сигнал «соғысқа дайындық» деген мағынаға келеді.



Ұқсас жаңалықтар