Ердоған Жаңа атазаңның ұлттық көзқараста болу керектігін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа атазаңды ұлттық көзқараспен әзірлеу керектігін атап айтты.

425467
Ердоған Жаңа атазаңның ұлттық көзқараста болу керектігін айтты
Ердоған Анкара Сауда палатасында Түркия Атазаңы платформасы тарапынан ұйымдастырылған «Жаңа атазаң үшін барша бірге» тақырыпты бағдарламаға қатысты.
Ердоған бағдарламада айтқан сөзінде Жаңа атазаң үшін «Барша бірге» деген шақыруға қазірге дейін 300 азаматтық қоғам мекемесінің қолдау бергенін, бұл санның қысқа уақытта одан да артатынын атап көрсетті.
Жаңа Атазаңына қолдаудың ел көлемінде ұлттың бірігуіне шақыру екеніне сенгенін атап айтқан Ердоған «Жаңа атазаң кезкелген бір мекеменің немесе тұлғаның емес тікелей ұлтымыздың мәселесі» деді.
Ердоған «Бұл мәселе ұлттық, отандық бір мәселе. Ұлттық және отандық болған әр мәселеде президент ретінде мен де бармын, мұны ашық түрде айтамын. Қазірге дейін дайындалған атазаңдардың баршасы шетелден алынған. Отандық емес. Импорт өнімдермен басқарылдық. Импорт сана бізге ие болды. Қазір отандық және ұлттық бір атазаңға көшуге міндеттіміз» деді.


Ұқсас жаңалықтар