Босқындар құтқарылды

Қауіпсіздік қызметкерлері теңізден 4 баланың мүрдесін шығарды.

410671
Босқындар құтқарылды

Измирдің Чешме ауданы су айдынында екі баланың мүрдесі табылды.


Жағалау қауіпсіздігі қолбасшылығы қызметкерлері аймақта заңсыз жолдармен грек аралдарына өтуге тырысқан 200-ден астам босқынды ұстады.


Аймақта балық аулауға шыққан балықшылар екі баланың мүрдесін қызметкерлерге тапсырды.


Мугланың Акярлар су айдынында да бір қайық батты деген ақпар алған қызметкерлер оқиға болған жерге келіп жетті. Үш қайықтағы шамамен 54 босқын құтқарылды. Екі бала мен екі әйелдің жағдайы ауыр.


Қауіпсіздік қызметкерлері теңізден 4 баланың мүрдесін шығарды.

 

Сонымен қатар Анталияның Каш ауданынан заңсыз жолдармен Грекияға кетуге тырысқан 28 сириялық босқын ұсталды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар