Ердоған Ашхабадқа барды

Президент Ердоған Түрікменстанның астанасы Ашхабадқа барды.

406788
Ердоған Ашхабадқа барды

Президент Режеп Тайып ЕрдоғанТүрікменстан бейтараптығының 20-шы жылдығы тойы аясында ұйымдастыратын «Бейтараптық Коференциясына» қатысу үшін Түрікменстанның астанасы Ашхабадқа барды.
Кешкі уақытта Ашхабадқа барған Ердоғанды Ашхабад әуежайында Түрікменстан Ауылшаруашылық министрі орынбасары Есенмұрат Аразгелдиев, Түркияның Ашхабад өкілетті және төтенше елшісі Мұстафа Капужу және Түрікменстанның Анкара өкілетті және төтенше елшісі Ата Сердаров және басқа лауазымдар қарсы алды.
Ұлттық киім киген түрікмен балалары ұшақтан түскен Президент Ердоғанға нан беріп «Қош келдіңіз» деді. Ердоған нан ауыз тиді.
Президент Ердоғанға Экономика министрі Мұстафа Елиташ, Энергия және табиғи байлықтары министрі Берат Албайрак және Ұлттық білім беру министрі Наби Авжы да серік болды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар