Президент Ердоған басшылығында қауіпсіздік жиналысы өтті

Жиналыста шекара қауіпсіздігі мен құлатылған орыс ұшағымен байланысты мәселелер қолға алынды.

421952
Президент Ердоған басшылығында қауіпсіздік жиналысы өтті

Орыс соғыс ұшағының Сирия шекарасында құлатылуының артынан президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында президенттік сарайда қауіпсіздік жиналысы өтті.
Жиналысқа премьер-министр Ахмет Давутоғлу, Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Хулиси Акар, тиісті министрлер және Ұлттық барлау ұйымы кеңесшісі Хакан Фидан қатысты.
1 сағат 15 минутқа жалғасқан жиналыста Сириядан бастап, аймақтағы соңғы жаңалықтар жайлы жалпы қауіпсіздік тақырыптары қолға алынды.
Президенттің ақпарат көздеріне қарағанда жиналыста Түркияның шекара қауіпсіздігі мен бұл аяда Сирия шекарасында әуе кеңістігін бұзғаны себепті құлатылған орыс ұшағы мәселесі талқыланды.
Жиналыста Сирияның Байырбуджак аймағындағы соңғы жағдай да қолға алынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар