Ердоған Ислам әлеміне үндеу тастады

Ислам елдеріне маңызды міндет жүктелуде

419474
Ердоған Ислам әлеміне үндеу тастады

Ердоған Ислам әлеміне үндеу тастады.
Президент Режеп Тайып Ердоған террор және босқын мәселесінің шешімінде Ислам елдеріне маңызды міндет жүктелгенін айтты.
Президент Ердоған Стамбулда ұйымдастырылған Ислам ынтымақтастығы ұйымы денсаулық сақтау министрлері жиналысы аясында жасаған баяндамасында Ислам атын қолдана отырып, мұсылмандарға ең үлкен зиян тигізген ДАИШ, Әл Кайда, Боко Харам секілді ұйымдар алдында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып айқын тұғыр көрсету керектігін түсіндірді.
Ердоған «Мұсылманның қанын ішкен, абыройын айрандай төккен жауыздардың ойындарын бірге бұзуымыз керек. Әлемдегі 1,7 миллиард мұсылманның мүддесін бір төбелдей террористтерге бере алмаймыз» деген сөздер қолданды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар