Президент Ердоған үкімет құру міндетін Давутоғлуна берді

Президент Ердоған ТҰҰМ-дегі ант ішу рәсімінің артынан премьер-министр Ахмет Давутоғлун қабылдады.

366946
Президент Ердоған үкімет құру міндетін Давутоғлуна берді

Президент Режеп Тайып Ердоған 64-ші үкіметті құру міндетін Әділет және даму партиясы төрағасы және Кония депутаты Ахмет Давутоғлуна берді.
Прзидент Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) ант қабылдау рәсімінің артынан президенттік сарайда Ахмет Давутоғлун қабылдады.
Кездесудің артынан Ердоған Давутоғлуна үкіметті құру тапсырмасын берді.
Давутоғлуның үкіметті құру міндетін алуының артынан жаңа құрылатын кабинет мүшелерін Ердоғанның бекітуіне ұсынуы үшін 45 күн мерзімі бар.
Дегенмен Давутоғлуның бүгін жаңа кабинетті жариялауы күтіледі.
Президент Ердоғанның үкіметті бекітуінің артынан Министрлер Кеңесі бағдарламасы оқылады.
Бағдарлама оқылғаннан 2 күн өткен соң келіссөздер басталады, келіссөздер аяқталғаннан 1 күн өткен соң сенім дауысы беріледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар