Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Министрлік мәлімдемешісі Билгич Кипрда кепілдік жүйесі жайлы қауесеттерді теріске шығарды.

355716
Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Танжу Билгич понти баспасөзінде орын алған және Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігі сыртқы істер министрі Йоханнес Касулидестің айтқан сөзіне сілтеп, кепілдік жүйесі туралы алға тартылған қауесеттердің негізсіз екенін білдірді.
Билгич Кипрдағы кепілдік жүйесі тақырыбында понти баспасөзінде орын алған жаңалықтар жайлы бір сұраққа қайтарған жауабында қазіргі келіссөз кезеңінің тез арада әділ, ауқымды және тұрақты бір шешіммен аяқталуына бағытталған тұрақты қолдауын жалғастырған Түркияның кепілдіктер тақырыбындағы ұстанымының анық екенін атап көрсетті.
Билгич «Түркия бұл мәселенің келіссөз кезеңінің нақты сатысында басқа кепілдік беруші елдердің де қатысуымен бестік форматта өтетін жиналыста қолға алынуы жайлы ұстанымын жалғастыруда» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар