Ердоған АҚШ-қа наразылық көрсетті

Соңғы бірнеше айда 130 түрік азаматы қаза тапты

354949
Ердоған АҚШ-қа наразылық көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған террор ұйымы ДАИШ-тің соңғы бірнеше айда жасаған жанкештік шабуылдарында 130 түрік азаматының қаза тапқанын білдіріп, осы ұйымның ең басты нысанасының Түркия екенін айтты.
Ердоған Үлкен 20 аясында ұйымдастырылған W-20 саммитінің Стамбулдағы ашылу рәсіміне қатысты.
Президент бұл жерде жасаған баяндамасында АҚШ әкімшілігінің террор ұйымы PYD-ге қару жіберуіне қатал наразылық көрсетті. Ердоған кімде кім бүгін өз пайдасы үшін қолдау көрсеткен террор ұйымының ертең қаруларын өзіне қадайтынын ұмытпаулары керектігін айтты.
Президент Ердоған «Бұлардың алдында біз қарсылық көрсетудеміз. Қазір аймақта жұмыс істеген ДАИШ, PYD және ПКК сынды террор ұйымдары режиммен бірге Сирия халқына қарсы соғысуда. ДАИШ-тің басты нысанасы Түркия» деді.
Батыс елдердің террормен күресудің Түркиясыз болмайтынын түсіндірген Президент «Онда Еуропа Одағына неге алмайсыздар» деп сұрады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар