Давутоғлу Дюссельдорфта түрік азаматтарымен басқосты

Премьер-министр Дюссельдорф қаласында түрік азаматтарына үн қатты.

387312
Давутоғлу Дюссельдорфта түрік азаматтарымен басқосты

Азаматтарға «ақылы әскерлік борышы өтеу» туралы сүйінші айтқан Давутоғлу шетел валютасымен әскерлік борышын өтеу бағасының 1 қараша күнінен кейін 6 мың евроға азаятынын атап көрсетті.
Шетелдегі түрік азаматтарына берілген уәделердің орындалғанын түсіндірген премьер-министр Түрік әуе жолдарының жанұясымен саяхатқа шығатындарға жеңілдік жасалғанын, шетелден көлік әкелгендердің қалу мерзімінің 2 жылға шыққанын, жылжымалы жиһаздардың Түркияда қалу мерзімдерінің болса 1 айдан 4 айға көтерілгенін атап көрсетті.
Барлық жерде бастауыш мектеп пен бала бақшалар ашатындарын атап көрсеткен Давутоғлу «Тілімізді ұмытпаймыз» деді.
Ахмет Давутоғлу шетелдегі түріктерді Германияны паналаған сириялықтарға ие шығуға шақырды.
Давутоғлу «Сіздер тағы бір рет адамгершілік сабағы бересіздер. Көршілеріңізбен бірге шетел дұшпандығына қарсы бұл бейшара адамдарға ие шығыңдар» деді.
Премьер-министр азаматтармен басқосуы алдында Германиядағы бас консулдармен кеңес жиналысында бас қосқан болатын.
Давутоғлу консулдарға шетелдегі азаматтардың дауыс беруі үшін қажетті шараларды алуы туралы тапсырма берді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар