Жоғары сайлау комитеті 54 елде сандық құрады

Түрік азаматтары шетелдерде 112 сандықта дауыс береді.

372856
Жоғары сайлау комитеті 54 елде сандық құрады

Жоғары сайлау комитеті 54 елде сандық құрады.


Жоғары сайлау комитеті 1 қараша күні болатын парламенттік сайлау үшін 54 елдегі түрік азаматтарының 112 өкілдікте дауыс қолдануын қамдайды.


Шешімге орай шетелде дауыс қолдану 8 қазан күні басталып, 25 қазан күні аяқталады.


Шетелдердегі түрік азаматтары дауыс қолданатын елдердің арасында Германияда 13, АҚШ-та 7, Францияда 6, Ресей, Қытай және Грекияда 4, Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Болгария, Швейцария, Иран, Қазақстанда 3 өкілдікте дауыс қолданылады.


Шетелде дауыс беру мерзімдері болса мынадай:


Германия, Австрия, Бельгия, Дания, Франция, Швейцария, СКТР-да 8-25 қазанда 18 күн, Австралияда 16-25 қазанда 10 күн, АҚШ-та 17-25 қазанда 9 күн, Норвегияда 19-25 қазанда 7 күн, Голландияда 21-25 қазанда 5 күн, Ұлыбритания және Румынияда 22-25 қазанда 4 күн, Болгария, Италия, Канада, Сауд Арабиясы мен Түрікменстанда 23-25 қазанда 3 күн, Біріккен Араб Әмірліктері, Босния және Герцоговина, Алжир, Израиль, Швеция, Қазақстан, Қырғызстан, Македония, Ресей және Грекияда 24-25 қазанда 2 күн, Албания, Әзірбайжан, Бахрейн, Чех Республикасы, Қытай, Финляндия, Оңтүстік Африка, Грузия, Иран, Ирландия, Испания, Жапония, Катар, Косово, Кувейт, Ливан, Венгрия, Мысыр, Өзбекстан, Польша, Судан, Таиланд, Украина, Оман, Иордания және Жаңа Зеландияда 25 қазан күні 1 күн.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар