Уақытша үкімет белгілі болды

Сайлау үкіметі кабинеті жарияланды.

341228
Уақытша үкімет белгілі болды

Түркияны 1 қараша күнгі жалпы халықтық сайлау процесіне апаратын уақытша үкімет белгілі болды.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлұ Президент Режеп Тайып Ердоғанның уақытша министрлер кеңесін бекітуінен кейін Чанкая Сарайында жасаған мәлімдемесінде «Құрметті елбасымыз тарапынан бекітілген уақытша министрлер кеңесі тізімін ұлтымызға ұсынамын» деді.
Уақытша кабинетке 11 жаңа министр қатысты, 12 министр орнын қорғады, 1 министрдің де орны өзгерді.
Жаңа кабинетте 4 премьер-министр орынбасарының үшеуі Әділет және даму партиясынан біреуі Ұлтшыл Қозғалыс партиясынан.
Әділет және даму партиясынан Ялчын Акдоған, Нуман Куртулмуш және Девдет Йылмаз, Ұлтшыл Қозғалыс партиясынан Тугрул Түркеш премьер-министр орынбасары болды.
Мехмет Шимшек 62-ші үкіметте болғандай қаржы, Нихат Зейбекчи экономика, Наби Авжы білім беру, Мехмет Мүеззиноғлұ денсаулық, Фикри Ышык ғылым, өнеркәсіп және технология министр миндетін жалғастырады.
Осы барыста Идрис Гүллүже Қоршаған орта және қала министрі, Вейсел Ероғлұ Орман мен су ресурстары министрі, Чағатай Кылыч болса Жастар және спорт министрі міндетіне қайтадан әкелінді.
Ұлттық қорғаныс министрлігінде де өзгеріс болған жоқ. Вежди Гөнүл міндетін жалғастырады.
Сыртқы істер министрі Феридун Синирлиоғлұ, Кеден және сауда министрі Женап Ашчы, Энергия министрі Али Зира Алабойын болды.
Азық-түлік және шаруашылық министрлігін Кудбеттин Арзуға, Мәдениет және туризм министрлігін Ялчын Топсуға берді.
Еңбек министрлік міндетін Ахмет Ердем атқарады. Айшен Гүлжан Отбасы және әлеуметтік министрлік міндетін жүргізеді.
Әділет министрлігін Кенан Ипекчи атқарады.
Қатынас, теңіз және коммуникация министрі мен Ішкі істер министрі өзгерген жоқ. Феридун Билгин мен селами Алтынок жалғасты атқарады.
Екі министрлік Халықтың демократия партиясы орнына берілді. Даму министрі Мүсдүм Доған, Еуропа министрі Али Хайдар Кожа болды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар