Абдуллах Гүлдің баласы отау құрды

Ахмет Мүнир Гүлдің некесінде басшылар бас қосты.

339329
Абдуллах Гүлдің баласы отау құрды

Түркияның бұрынғы президенті Абдуллах Гүлдің баласы отау құрды.


Ахмет Мүнир Гүлдің некесінде басшылар бас қосты.


Абдуллах Гүлдің баласы Хаджеттепе Университе Медицина факультетінің соңғы курс студенті Айше Зехра Карадереге үйленді.


Жастардың некесін Стамбул муниципалитетінің басшысы Кадир Топбаш қиды. Президент Режеп Тайып Ердоған, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Исмет Йылмаз, премьер-министр Ахмет Давутоғлу  некеге куәгер болды.


Шамамен 1500 адам шақырылған неке рәсімінен кейін Құран оқылды, қонақтарға ас берілді.


Гүл отбасы неке рәсіміне құттықтау гүл жолдаудың орнына Абдуллах Гүл атындағы университетке ағаш отырғызуды сұраған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар