Сегіз әскер шәйіт болды

Террористтер жолға көмілген бомбаны алыстан басқару арқылы жарған.

334575
Сегіз әскер шәйіт болды

Сииртте барлаудағы әскери көлікке террористтер бомбамен шабуылдады.


Сегіз әскер шәйіт болды.


Қаланың Ширван және Первари аудандары арасындағы жолға террористтер бомба көміп, әскери көлік өтіп бара жатқанда алыстан басқарылумен жарған.


Оқиғада жараланған әскерлер де ауруханаға жеткізілді.


Түрік қарулы күштері Диярбакырдың Лидже және Хани аудандарында да террористтермен шайқаста 5 әскердің қаза болғанын мәлімдеген болатын.


Аймақта қанды террор ұйымына қарсы операция жалғасуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар