Ердоған ұшақта сұрақтарға жауап қайтарды

Президент Ердоған Әзірбайжан сапарынан оралып жатқанда журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

303449
Ердоған ұшақта сұрақтарға жауап қайтарды

Ердоған үкіметті құру міндетін тапсырмай тұрып Мәжіліске кірген 4 партия басшысымен де бас қосатынын атап айтты.
Ердоған «Саяси тәрбиемге орай ең көп дауыс жинаған саяси партияның төрағасын тағайындадым. Ол үкіметті құра алмаған жағдайда, тағы саяси тәрбием бойынша бұл жолы ең көп дауыс жинаған екінші партияның төрағасына үкіметті құру міндетін жүктеймін» деді.
Партия басшыларын бөлек шақырып, кезеңмен байланысты көзқарастарын алғысы келгенін атап айтқан Ердоған сайлаудан бірінші және екінші болып шыққан партиялар үкіметті құра алмаған жағдайда атазаңға бағынып қайта сайлау өткізу шарт болады.
Ердоған «Еліміздің инвестициялары мен халықаралық ынтымақтастығымыз тоқтап қалмауы үшін тез арада үкіметті құру қажет» деді.
Ердоған сайлаудың артынан шетел баспасөзінде шыққан кейбір жаңалықтарды сынға алып, мұның ұлт пен еліне құрметсіздік екенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар