Түрік Қызылайы 147 жасында

Түрік Қызылайы игілік істер жанашырларының сенімі және қолдауымен мұқтаж жандарға көмектесуді жалғастыруда.

301331
Түрік Қызылайы 147 жасында

Әлемде беделді, аймақта ең мықты көмек ұйымы Түрік Қызылайы 147 жасында.


Түрік Қызылайы игілік істер жанашырларының сенімі және қолдауымен мұқтаж жандарға көмектесуді жалғастыруда.


Құрылған күнінен бері мағлұмат, тәжірибе және оперативтік күш тұрғысынан жақсы жетілген Түрік Қызылайы бүгін 8 аймақта апат басқару және логистикалық орталық, 25 жергілікті апат және логистикалық орталық, жедел хабарласу жүйелері, толық жабдықталған байланыс құралдарымен бір апат аймағына екі сағат ішінде жету қабілетіне ие. Түрік Қызылайының әлеуеті де 300 мың адамға жедел баспана және тамақтану мүмкіндігін беретін деңгейде.


Түрік Қызылайы медицина, әлеуметтік көмек, жастар және білім саласында қызмет етуде.


Қызылай көмегін ел тысына да созуда. Балқаннан Орталық Азияға, Таяу Шығыстан Африкаға, Оңтүстік Азиядан Кавказға дейін қай жерде гуманитарлық жағдай болса шешуге тырысады. 147 жылдық тарихы бойы осы көмек ұйымы 90 елде жұмыс атқарды.


Бүгінгі таңда Сирияда, Иракта, Сомалиде, Непалда, Газада және көптеген елде гуманитарлық операцияларын табысты түрде жүргізген Түрік Қызылайы ел көлемінде де жыл сайын миллиондаған адамға көмектесуде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар