Коалиция үкіметі ме, әлде ерте сайлау ма?

Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Мехмет Али Шахин сайлау қорытындысына тоқталды.

297337
Коалиция үкіметі ме, әлде ерте сайлау ма?

Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Мехмет Али Шахин сайлау қорытындысын талқылап, басатын қадамдарды анықтау мақсатты өтетін жиналыстарды сәрсенбі және бейсенбі күндеріне жоспарлағандарын білдірді.
Шахин Әділет және даму партиясы төрағасы Ахмет Давутоғлуның дүйсенбі күні Министрлер кеңесі және Орталық атқару комитеті мүшелерімен өткен жиналысының артынан Әділет және даму партиясының бас ғимаратында баспасөзге мәлімдеме жасады.
Әділет және даму партиясы ретінде ұлттың таңдауы мен шешімін құрметтегендерін атап көрсеткен Шахин келесі апта жаңа сайланған және бұрынғы депутаттарды жинап, сайлау қорытындысы мен бұдан кейінгі кезеңді қолға алуды қалағандарын айтты.
Шахин «Жиналыста ерте сайлау ма, әлде коалиция үкіметі ме қолға алынды?» деген бір сұраққа «Бұл сұрағыңызға қазірше жауап қайтара алмаймын. Өйткені бұл тақырыпқа қатысты кезең жалғасуда» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар