ТИКА Ауғанстанда түрік тілі курсын ашты

Елдің солтүстігіндегі Мазары-Шариф қаласында түрік тілі курсы ашылды.

292978
ТИКА Ауғанстанда түрік тілі курсын ашты

ТИКА Ауғанстанда түрік тілі курсын ашты.


Ауғанстанда көптеген жоба жүргізген Түрік ынтымақтастық және координация басқармасы елдің солтүстігіндегі Мазары-Шариф қаласында түрік тілі курсын ашты.


Сұлтан Разие қыз лицейіндегі курстың беташарына Балх қалалық экономика директоры Абдуррахман Самади, Балх қалалық білім беру директоры Абдулазиз Азиз, ТИКА координаторы Кемал Кадир Карадоған қатысты.


Балх қалалық білім беру директоры Азиз осында сөйлеген сөзінде Түрік мемлекеті мен халқының Ауғанстан халқына көмектесу үшін әрқашан жұмыстанғанын айтты.


ТИКА координаторы Карадоған «Шамамен 8500 жылдық тарихы бар түрік тілі сонымен бірге әлем тілдері арасында ең көне тілдердің бірі. Қазір дүние жүзінде ең көп қолданылған тілдердің арасында бесінші орында» деді.


Түркия Ауғанстанда 90-ға таман мектеп салды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар