TCG Гедиз фрегаты Жапонияда

Түрік фрегаты Жапонияда ұйымдастырылатын Эртуғрул фрегатын еске алу іс-шаралрына қатысады.

291906
TCG Гедиз фрегаты Жапонияда

TCG Гедиз фрегаты Эртуғрул фрегатының Жапония сапарының 125-ші жылдығына орай Жапонияның Кушимото жағалауына ұласты.
Эртуғрул фрегатының 125 жыл бұрын суға батқан жерге аялдаған TCG Гедиз фрегатына халық үлкен қызығушылық танытты.
Түрік соғыс кемесі 1 сәуір күні Мәрмәр теңізінен басталған сапары барысында араларында Карачи, Мумбай, Гонконг, Куала-Лумпур және Бусан сияқты порттар да бар 8 елді аралады.
125 жыл бұрын Эртуғрул фрегатының бағытынан жүзген TCG Гедиз фрегаты Кушимотода ТҰҰМ төрағасы Джемил Чичек пен Жапония ханшайымы Акико Жоу қатысатын еске алу іс-шараларына қонақжайлық жасайды.
Кемеде өтетін рәсімнің артынан теңізге гүлдер тасталып, түрік мұражайы мен аймақтағы Ататүрік ескерткішіне гүл шоғы қойылады.
Іс-шаралар аясында еркін сүңгу рекордшысы ұлттық спортшы Шахика Эрджүмен Османлы кемесі Эртуғрул фрегатының батуының 125 жылдығы құрметіне судың астына түседі. Ұлттық спортшымызға түрік және жапон теңіз күштері серік болады.
Османлы падишасы 2-ші Абдүлхамид 1887 жылы Жапония императоры Комейидің жиенінің Стамбұлға сапарлай келуінің артынан сол елге бір делегация жіберген болатын. Бұл сапар үшін флоттың ең көрікті кемесі Эртуғрул фрегаты тағайындалды. Кеме 1890 жылы 7 маусым күні барған Йокохома портынан 1980 жылдың 15 қыркүйек күні қайта оралу үшін жолға аттанды. Кушимото су айдынында боранға ұшырап 1890 жылы 16 қыркүйек күні суға батты. Теңіз апатында тек қана 69 теңізші құтқарылды, 587 адамнан тұратын экипаж сол күні шәйіт болды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар