Президент Ердоған IDEF-2015 көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

Президент Ердоған Түркияның аймағында үміт артқанын атап көрсетті.

262380
Президент Ердоған IDEF-2015 көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

Ердоған «Аймағымыздағы барлық мұқтаждарға қол ұшын созамыз. Түркия ең көп жәрдем жасаған елдердің басында келеді» деді.
IDEF-2015 Халықаралық 12-ші Қорғаныс өнеркәсібі көрмесінің ІSTANBUL TUYAP көрме және конгресс орталығындағы ашылу рәсімінде сөз алған Ердоған Сириядағы қақтығыстар басталған күннен бері Түркияны паналаған сириялықтарға жасалған жәрдемдердің 5.6 миллиард долларға ұласқанын атап айтты.
Президент Ердоған «Біз ашық есік саясаты жүргізіп жатқанда, басқа мемлекеттер көңіл есіктері мен шекара қақпаларын қатты жауып отыр. Егер айналаңызда бір өрт болса ол жерден шашыраған бір ұшқын ақыры сізді тауып алады. Бұл өртті сөндірудің жолдарын қарастыру керек. Ақпарат, тәжірибе және жұмыстарымызды достарымыздың пайдалануына ұсынамыз» деді.
Жерорта теңізіндегі мигрант дағдарысына үнсіз қалған елдерді сынға алған Ердоған ешбір дипломатияның миллиондаған адамның өлімінен маңызды емес екенін атап көрсетті.
Ердоған Еуропаны мигрант мәселесіне ортақ шешім табуға шақырды.
Баяндамасында ұлттық қорғаныс саласында Түркияны сыртқа тәуелділіктен толығымен құтқару нысанасына назар аударған президент ашқан Халықаралық 12-ші Қорғаныс өнеркәсібі көрмесі IDEF, қорғаныс өнеркәсібімен тікелей және жанамалы түрде қатынасы бар өнеркәсіп салаларын қамтиды.
Көрме қатысушы мемлекеттер арасында достық және қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығын жетілдіруде маңызды роль атқарады.
8 мамыр күніне дейін ашық болатын IDEF көрмесі өз аймағының қатысушы ел, делегация және фирма саны тұрғысынан бірінші, әлемнің де 5-ші үлкен қорғаныс өнеркәсібі көрмесі болу ерекшелігіне ие.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар