Бодрум су айдынында мигранттар мінген қайық суға кетті

Қайықтағы 31 заңсыз мигрант жүзіп, Битез су айдынындағы Гөрежек аралына шығып үлгерді.

241709
Бодрум су айдынында мигранттар мінген қайық суға кетті

Муғланың Бодрум ауданынан заңсыз жолдармен Грекияға өтуге тырысқан мигранттар мінген қайық суға кетті.
Мигранттарды тасыған қайық Битез Адабоғазы маңында суға батты.
Теңіз қорғаныс топтары апатқа ұшыраған қайықтағы 1 нәресте мен 3 адамды құтқарды.
Қайықтағы 31 заңсыз мигрант жүзіп, Битез су айдынындағы Гөрежек аралына шығып үлгерді.
Иран, Ауғанстан және Сирия текті 31 мигрант азанда жасалған бір операциямен құтқарылды.
Мармарис Теңіз қорғаныс қолбасшылығы ұйымдастырған операцияға Бодрум теңіз қауіпсіздік қайықтары, Бодрум Теңіз құтқару қоғамы және UMKE-нің Муғла топтары да қосылды.
Денсаулық тексеруінің артынан мигранттар полицияның Миграция басқармасына жіберілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар