Анадолы агенттігі 95 жаста

Гази Мұстафа Кемал Ататүрік тарапынан 1920 жылдың 6 сәуір күні құрылған Анадолы агенттігі (АА) 95 жасын тойлануда.

227846
Анадолы агенттігі 95 жаста

Ұлт азаттық соғыстың алғашқы жылдарында Анадолының үнін әлемге жариялау үшін құрылған Анадолы агенттігі әлемнің ең сапалы ақпарат агенттіктерінің бірі болып табылады.
Тәуелсіздік күресі кезеңінде атқарған стратегиялық ролі республика тарихында ерекше орын алады. Ұлт азаттық күрес басталған кезеңде тәуелсіздік күресін жалғыз өзі әрі ел көлемінде, әрі әлемге жариялады.
Хабар жарысын 95 жылдан бері үздіксіз жалғастырған агенттік «сенімді, бейтарап, этикалық, жылдам» хабар тарату түсінігімен 100 жылдық мерейтойына қарай сенімді қадамдармен жылжуда.
Сирия, Мьянма және Мысырдағы оқиғаларды бүкіләлемдік қоғаммен бөліскен Анадолы агенттігі езілген халықтардың үні болу ережесінен тайынбай келеді.
Президент Режеп Тайып Ердоған Анадолы агенттігінің 95 жылдығына орай Атқару комитеті төрағасы және Бас директор Шенол Казанджыға құттықтау хатын жолдады.
Ердоған АА-ның дұрыс, бейтарап және жылдам хабар таратушы ұстанымымен қызметін жалғастырумен қоса, журналистиканың жетілуінде де маңызды роль атқарғанын атап көрсетті.
Ердоған күн өткен сайын қызмет ауқымын кеңейткен Анадолы агенттігінің шетелдегі жаңалық желісін күшейткен және әртүрлі тілдерде эфир тарататын бір агенттікке айналғанын жеткізді.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу болса құттықтауында "Анадолы агенттігі сенімді, бейтарап, этикалық және жылдам» хабар тарату түсінігін табысты түрде жалғастырған әлемнің абыройлы хабар агенттерінің бірі болып табылады" деді.
Давутоғлу агенттіктің «Мықты Түркияның мықты хабар агенттігі» ұранын иеленгенін атап, «Мақтанғанышымыз Ұлттық хабар агенттігінің табысқа жете беретініне сеніміміз мол» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар