Түркияда жазғы сағат жүйесі басталды

Күн энергиясын үнемдеуді мақсат еткен жазғы уақыт жүйесі 7 айға жалғасады.

285955
Түркияда жазғы сағат жүйесі басталды

Күн сәулесінен көбірек пайдалану мақсатымен сағат 03:00-ден бастап, уақыт 1 сағат алға алынды.
Күн энергиясын үнемдеуді қамтамасыз ететін жазғы уақыт жүйесі 7 айға жалғасады.
Уақыт 25 қазан жексенбі күні сағат 04:00-те 1 сағат артқа шегеріледі.
Жазғы сағат жүйесімен байланысты Министрлер алқасының шешімі 17 наурыз күні Ресми газетте жарияланған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар