Ердоған король Суудпен сөйлесті

Түрік президенті Сауд Арабиясы королімен Йемен жөнінде сөйлесті.

284320
Ердоған король Суудпен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Сауд Арабиясы королі Селман бин Абдулазиз Әл СуудЙемендегі ахуалға байланысты телефонда сөйлесті.


Президент Ердоған әңгімеде Йеменде хусилердің барлық келісімдер мен БҰҰ Қауіпсіздік шешімдерін аяққа таптауының алаңдататынына назар аударды.


Ердоған Йеменнің бірлік пен территория тұтастығына, аймақтың қауіпсіздік пен тұрақтылығына қатер төндіретін істердің халықаралық қоғамды да алаңдатып отырғанын білдірді.


Түрік президентіне алғыс айтқан Сауд Арабиясы королі Селман бин Абдулазиз болса Йемен президенті Хадиден келген талапқа орай бастатылған әскери операция жөнінде мәлімет берді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар