Австрияда қабылданған Ислам заңына наразылықтар жалғасуда

Батыс мұсылмандардың еркіндіктерін шектеу бастамаларынан бастартуға тиісті.

253081
Австрияда қабылданған Ислам заңына наразылықтар жалғасуда

Әділет және даму партиясы сыртқы қатынастар төраға орынбасары және Стамбұл депутаты Метин Күлүнк, Австриядағы Ислам заңын сынға алды. Күлүнк шетелдегі түрік азаматтары және мұсылмандарға қолдау беретіндерін білдірді.
Күлүнк ресми байланыстары аясында барған Австрияның астанасы Венада Ислам заңы туралы көзқарастарын бөлісті.
«Батыс мұсылмандарының еркіндік алаңдарын шектейтін қадамдардан бастартулары тиісті» деген Күлүнк Австрияның Исламды және мұсылмандарды тепе-тең көру керектігін жеткізді.
Австрияның мұсылмандардың құқықтарын заңмен қорғау керектігін атап айтқан Күлүнк Ислам заң жобасының мұсылмандардың наразылығын туғызғанын атап көрсетті.
Заң жобасымен мұсылмандарды террормен теңегісі келгеніне назар аударған Күлүнк «қылмыс жеке адамға қатысты» деді.
Күлүнк жеке адам жасаған қылмыс себепті бір діннің және мүшелерінің еркіндік алаңдарын шектеудің Еуропаның еркіндік түсінігімен ұйқаспағанын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар