Армян қауесеттері Анкарада өткен симпозиумда теріске шығарылды

Бірлік қоры ұйымдастырған симпозиумда оқиғалар кезінде орыс дипломаттардың телеграммалары талқыланды.

228613
Армян қауесеттері Анкарада өткен симпозиумда теріске шығарылды

Бірлік қорының Анкарада өткен симпозиумын да 1915 жылғы оқиғалар қолға алынды.
Қатысушылар 1915 жылы оқиғаларға қатысты армян қауесеттерін теріске шығаратын құжаттарға назар аударып, тарихқа саясат қайраткерлерін көндіріп, өзгерту енгізу талпынысын сынға алды.
Сол кезеңнің орыс дипломаттары тарапынан Патшалық Ресей Бас Штабына жіберілген телеграмманың егжей-тегжейін симпозиумда бөліскен Әділет және даму партиясы депутаты Сейит Сертчелик «армяндар арасында қаза тапқандардың санын көбірек көрсету үшін санға 0-ді қосу әдеті І-ші Дүниежүзілік соғыс кезінде де жалғасқан. 1 адам қаза тапса, 10 адам деп жазылған екен» деді.
Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Ясин Актай да «1 армян өлген кезде бұл 'үлкен қайғы' деп саналса, мыңдаған мұсылман қаза тапқан кезде мұның онша маңызы жоқ деген бір түсінік болған» деді.
Актай жүргізілген лобиялық жұмыстар арқылы парламенттер мен саясат қайраткерлерін көндіріп, тарих түсінігін өзгерту операциясының үлкен айлакерлік екенін атап көрсетті.
Ясин Актай «Есеп айырбастайтын болсақ, бізге қайтарылатын көп нәрсе бар, қарызымыз жоқ. Дегенмен біз осы мәселені жабайық деген сайын, біздің қарызымыз бар деп ойлайды» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар