Чавушоғлу Мюнхендегі Қауіпсіздік конференциясына қатыспады

Сыртқы істер министрінің осы шешіміне Хамас ризашылық білдірді.

214164
Чавушоғлу Мюнхендегі Қауіпсіздік конференциясына қатыспады

Хамас Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның 51-ші Мюнхен Қауіпсіздік конференциясы бағдарламасын израильдік өкілдер қатысқаны себепті өзгертуіне ризашылық білдірді.
Хамас жасаған жазбаша мәлімдемеде Чавушоғлуның Германияда жалғасқан конференцияға қатысу шешімін өзгерткені үшін құттықтап «Бұл қадам Палестина халқы мен оның заңды күресіне Түркия берген қолдауды ашық түрде көрсетеді» делінді.
Министр Чавушоғлу Мюнхен Қауіпсіздік конференциясындағы отырысқа израильдік өкілдердің қатысатынын мәлімет алған соң бағдарламасын өзгерткенін жариялаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар