Түркия Сомали лаңкестігіне наразылық көрсетті

Ердоған мен Давутоғлұ Сомали шабуылын айыптады.

195369
Түркия Сомали лаңкестігіне наразылық көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Эфиопияда Аддис-Абеба университетінде жасаған баяндамасында Сомалидегі бомба шабуылына тоқталды.
Президент Ердоған «Ислам атынан жасаудамыз дегендер бар. Исламда мұндай бір нәрсе жоқ. Бір мұсылман жан кештік жасай алмайды. Кімде кім ислам мен террорды бір-біріне жақындастырмасын» деді.
Террор қандай тонды жабылса жабылсын террордың әрқайсысына қарсы екендерін дәріптеген Ердоған « Террор әрекетін жасағандар қайсы дінге тән болса болсын олар қанішер болып табылады» деді.
Әлем экономикалық форумына қатысу үшін Давос қалашығында болған премьер-министр Ахмет Давутоғлұ да әртүрлі алдын алу шаралардың жасалғанын айтты.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның Сомали зияратын жалғастыратынын мәлімдеген Давутоғлұ «Түркияның мұндай қауіпті жағдайларда бекімді тұғыры өзгермейді. Африка біз үшін өте маңызды. Африка ең маңызды саясаттарымыздың ішінде» деді.
Премьер-министр Ялчын Акдоған да шабуылға наразылығын «Кімде-кім мұндай әрекеттер арқылы Түркияның саясатын өзгерте алмайды» деген сөздерімен көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар