Давутоғлу Еуроодақтың астанасы Брюссельге барады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Еуроодақ лауазымдыларымен бас қосады.

185156
Давутоғлу Еуроодақтың астанасы Брюссельге барады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Париж бен Берлиннің артынан осы жолы Еуроодақтың астанасы Брюссельге аттанады.
Жоғары деңгейлі бұл сапар Түркияның Еуроодақ мүшелігі кезеңіне берген маңыздың көрсеткіші ретінде болжалады.
Премьер-министр Давутоғлу Еуроодақ Кеңес төрағасы Доналд Туск, Комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер және Сыртқы қатынастар мен қауіпсіздік саясаттарына жауапты өкіл Фредика Могеринимен бас қосады.
Давутоғлу Еуроодақта,ы ресми байланыстарының артынан Бельгиядағы түрік қоғамымен бас қосады.
1 күндік сапар барысында премьер-министр Давутоғлу азаматтық қоғам мекемелерімен де кездеседі.
«Еуропаның достары» атты мекеменің жиналысындағы баяндамасының артынан Давутоғлу Әділет және өркендеу партиясының Брюссельдегі кеңсесінің ресми ашылу рәсіміне қатысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар