Ердоған палаталар басшыларын қабылдады

Президент Ердоған күн тәртіптегі оқиғаларға және сындарға тоқталды.

147330
Ердоған палаталар басшыларын қабылдады

Президент Режеп Таип Ердоған қосымша құрылыммен күрестің жалғасатынын айтты.


Ердоған қосымша құрылымның нысанасының күшті де өсіп келе жатқан Түркияның жолын тосу екенін білдірді.


Президент Режеп Таип Ердоған Елбасылығы сарайында Түркия Биржалар мен палаталар одағының төрағасы Рыфат Хисаржыклыоғлұ және 365 палата мен биржа төрағаларының басын қосты.


Жиналыста сөз алған Ердоған заңды көріністегі заңсыз мемлекет құрылымы болып табылатын қосымша құрылымның халықаралық байланыстарына тоқталды және олармен күрестің жалғасатынын атап көрсетті.


Ердоған «Экономикалық беталысқа бағытталған шабуылдарды жақсы байқап, түсініп, мұқият зерттеп, аталмыш шабуылдарға береке-бірлікпен қарсы күресеміз» деп көрсетті.


Террорға қарсы күреске және Елбасылығы сарайына бағытталған сындарға да тоқталған Ердоған «Ұлыбританиядағы Вестминстер сарайын өңдеуге 3 миллиард фунт қаржы жұмсалғанын, алайда мұның талас туғызбағанын атап өтті.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар