5-ші Дін кеңесі Анкарада басталды

Кеңестің шымылдығын президент Режеп Тайып Ердоған ашты.

140935
5-ші Дін кеңесі Анкарада басталды

Кеңестің шымылдығын президент Режеп Тайып Ердоған ашты.


Ердоған баяндамасында Мысырдың Бүкіләлемдік мұсылман ғалымдар одағы басшысы Юсуф әл Карадавиді қызыл бюллетеньмен іздеу салуына наразылық білдірді.


Ердоған «Төңкеріспен келген адам Мұсылман ғалымдар одағы басшысын іздеп табу үшін Интерполге нұсқау береді. Бұл әлемдегі жағдайдың жақсы емес, нашарлай бастағанын көрсетеді» деді.


Дін істері басқармасы төрағасы Мехмет Гөрмез де баяндамасында Түркияның бүкіл әлемге үміт болып отырғанын еске салып, діни және ғылыми салаларда өзгерістердің мекеме мен ұйымдарды қайта құруды мәжбүр қылғанын айтты.


Гөрмез діни пікірлер, көзқарастар мен ойлардың өзгеше болып келетінін айтып, осы өзгешеліктердің өркениеттердің маңызды байлығы екенін тілге тиек етті.


Дін кеңесі 10 желтоқсан күні аяқталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар