Стамбул маңызды бір қонақты күтіп алуда

Джо Байден үш күндік іссапарымен Стамбулға келді.

201619
Стамбул маңызды бір қонақты күтіп алуда

Америка Құрама Штаттары президент орынбасары Джо Байден үш күндік іссапарымен Стамбулға келді.
Байден сапарының алғашқы күнінде премьер-министр Ахмет Давутоғлұмен Долмабахчедегі офисінде түскі тамақта бас қосты.
Кездесуден бұрын Давутоғлұ мен Байден ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.
Давутоғлұ екі ел қарым-қатынастарының ұзын тарихқа тірелгенін айтты.
Давутоғлұ Түркия мен АҚШ-тың соңғы кезеңде әсіресе Сирия және Иракта ISIS террор ұйымына қарсы күресу сынды тықырып жөнінде серіктестік жасағандарын атап өтті.
Түркияда болғанына риза екенін білдірген Джо Байден де «Біз бір-бірімізге сенеміз» деді.
Джо Байден сапар аясында президент Режеп Тайып Ердоғанмен де кездеседі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар