Генерал Джон Эллен Түркияға келді

Обаманың ISIS арнайы өкілі зейнеттегі генерал Джон Эллен Түұркиядағы байланыстарын бастады.

195482
Генерал Джон Эллен Түркияға келді

Элленнің күн тәртібінде ISIS-пен күрес және осы аяда қабылданатын жаңа шаралар бар.


АҚШ президенті Барак Обаманың ISIS арнайы өкілі зейнеттегі генерал Джон Эллен Бельгия мен Италияны қамтыған «ISIS турының» алғашқы аялдамасы Түркияда байланыстарын бастады.
Арнайы өкіл Түркияның артынан алдымен Бельгияға өтеді.
Эллен Брюссельдегі НАТО жиналысында мүшелерге коалицияның жұмыстары туралы ақпарат береді.
Арнайы өкіл Эллен 21 қараша күні болса Италияның астанасы Римге барып, үкімет лауазымдыларымен кездеседі.
Элленге осы сапары барысында Сыртқы істер министрлігі кеңесші орынбасары өкілетті елші Брет Мак-Керк серік болады.
Зейнеттегі генерал Эллен 9 қазан күні де Түркияға ресми бір сапар ұйымдастырған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар