Ердоған Әл Ақса мешітіндегі  оқиғаларды айыптады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрікменстанда Әл Ақса мешітіндегі оқиғаларды қатал түрде айыптады.

184892
Ердоған Әл Ақса мешітіндегі  оқиғаларды айыптады

Президент Ердоған "Әл Ақса мешітіне қарсы жасалған бұл әрекет кешіруге болмайтын үлкен бір сорақылық» деді.


Түрікменстандағы сапарын жалғастырған президент Ердоған Әл Ақса мешітінің палестиналықтар ғана емес, барша мұсылмандардың діни құндылығы екенін білдірді.


Президент «Әл Ақса мешітіне жасалған шабуыл барлық мұсылманға жасалған шабуылмен тең» деді.


Израильге үндеу тастаған президент Ердоған «Израиль әкімшілігінің күш қолдануды тоқтататын  уақыты келді» деді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар