Президент Ердоған Түрікменстанда

Ердоған президент Құрбанқұлы Бердімұхамедов тарапынан ресми рәсіммен қарсы алынды.

184523
Президент Ердоған Түрікменстанда

Президент Ердоған бүгін Оғызхан Сарайында Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов тарапынан ресми рәсіммен қарсы алынды.


Екі елдің әнұраны орындалғаннан кейін кездесулер өткізілді.


Ердоған жасаған баяндамасында президент болып сайланғаннан кейін өткізілген міндет тапсыру рәсіміне қатысқаны үшін Бердімұхамедовқа алғыс айтты.


Түркияның Түрікменстанның дамуына жалғасты үлес қосатындығына назар аударған Ердоған «Түркия мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынастардың дамитынына сенемін» деді.


Бердімұхаммедов болса, зияратқа қатты көңіл бөлгенін білдіріп, жасалған келісімдердің екі ел арасындағы достық пен бауырластықты одан ары күшейтетінін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар