Ердоған Латвиядағы іссапарын жалғастыруда

Ердоған Латвия президентімен кездесті.

168265
Ердоған Латвиядағы іссапарын жалғастыруда

Президент Режеп Тайып Ердоған Балтық елдері сапары аясында Латвияда байланыстарын жалғастыруда.


Сапардың күн тәртібінде – Түркияның Еуропа Одағына мүшелік үдерісі.


Президент Ердоғанды Латвияда ресми рәсіммен қарсы алды. Рәсімнен кейін президент әріптесі Андрис Берзиньшпен оңаша кездесті.


Делегациялық кездесуден кейін екі ел арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.


Қол қою рәсімінен кейін ортақ баспасөз мәслихаты болды.


Түркия президенті артынан Түркия-Латвия Бизнес форумына қатысады. Форумнан кейін Ердоған Латвия Университеті Әлеуметтік білімдер факультетінде баяндама жасайды.


Латвия Мұражайын да аралайтын президент Латвия президентінің қонағасына қатысады.


Артынан Ердоған Эстонияға аттанады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар