Ердоған өкілетті елшілерді қабылдады

Президент Ердоғанға сенім хатын ұсынған тұлғалар арасында Америка Құрама Штаттары өкілетті елшісі Джон Басс та бар.

165645
Ердоған өкілетті елшілерді қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған міндетке келуінен кейін алғаш рет Түркияда қызмет атқаратын кейбір елдердің өкілетті елшілерінің сенім хаттарын қабылдады.


Президент Ердоғанға сенім хатын ұсынған тұлғалар арасында Америка Құрама Штаттары өкілетті елшісі Джон Басс та бар.


Президент Ердоған алдымен Оңтүстік Суданның Анкарадағы өкілетті елшісі Майок Гуандог Тиепті қабылдады.


Өкілетті елші Тиеп президент Ердоғанға сенім хатын ұсынды. Тиеп өкілетті елшілік қызметкерлерін және жұбайын таныстырды, артынан суретке түсті.


Оңтүстік Судан елшісі Түркия Республикасының 12-ші президенті Ердоғанға сенім хатын жолдаған бірінші елші болды.


Президент Ердоған Черногория өкілетті елшісі Бранко Милич және Венгрия елшісі Габро Кисстің сенім хаттарын қабылдады.


Артынан Ердоған Америка Құрама Штаттары өкілетті елшісі Джон Басстың сенім хатын қабылдады. Басс та президент Ердоғанда түрік тілінде «Танысқаныма қуаныштымын» деді.


Ердоған осыдан кейін Тунис Сыртқы істер министрі Монги Хамди және Катар Қорғаныс министрі Хамад Бин Али әл Атиені де қабылдады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар