Түркия Ауғанстанға көңіл айтты

Түркия Ауғанстанда болған террорлық лаңкестікті айыптады.

114127
Түркия Ауғанстанға көңіл айтты

Түркия Ауғанстанның Газне уәлаятындағы террорлық лаңкестікті айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Ауғанстанның Газне уәлаятындағы үкімет ғимараттарына ұйымдастырылған, 20 қауіпсіздік қызметкерінің өліміне және 150 адамның жаралануына себеп болған террорлық лаңкестікті айыптайды» делінді.
Мәлімдемеде қанды шабуылда қаза тапқандарға Алладан иман тілейді. Жақындарына көңіл айтады, жаралыларға да шипа тілейді» делінді.
Мәлімдемеде ауған халқының террор қаупіне қарамай, 5 сәуір және 14 маусым күндері өткізілген елбасылығы сайлауында сандық басына барып, демократияға деген сенімдерін ортаға қойғанына назар аударылды.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Террорлық лаңкестік сияқты әрекеттердің осындай сенімді шайқалта алмайтынына сенеміз. Түркия осы ауыр кезеңде бауырлас ауған халқымен ұйымшылдығын жалғастырады» деп көрсетілді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар