НАТО саммиті басталды

Елбасы Режеп Таип Ердоған Уэльсте екі жақты кездесулер өткізді.

114269
НАТО саммиті басталды

26-шы НАТО ел және үкімет басшылары саммиті басталды.
Кеше Уэльсте басталған саммитке Түркия атынан қатысқан елбасы Режеп Таип Ердоған екі жақты кездесулер де өткізді.
Саммит НАТО Бас хатшысы Андрес Фог Расмуссен және Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Камеронның қонақтарды күтіп алуымен басталды.
Күтіп алуда елбасы Режеп Таип Ердоған мен Камеронның жылы лебізі назар аударды.
Лидерлер артынан жанұя суретіне түсті.
Суретке түскеннен кейін АҚШ президенті Барак Обама мен елбасы Ердоған әңгімелесті.
Ердоған саммиттің алғашқы күні Ауғанстан мен Украинадағы оқиғалар қолға алынған жиналысқа қатысты.
Елбасы Ердоған Болгария президенті Росен Плевнелевпен кездесті.
Елбасы Ердоған НАТО Бас хатшылығы міндетін қабылдайтын Йенс Столтенбергпен де кездесті.
Елбасы Ердоған Франция президенті Франсуа Олланд, Уэль ханзадасы Чарлс, Албания премьер-министрі Эди Рама, Латвия президентімен және Әзірбайжан елбасы Илхам Алиевпен кездесулер өткізді.
Саммитте Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлұ мен Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз да әріптестерімен кездесті


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар