Үкімет бағдарламасы талқыға салынады

Сын-ескертпелерге премьер-министрдің орынбасары Бүлент Арынч жауап береді

113504
Үкімет бағдарламасы талқыға салынады

Жаңа үкіметтің бағдарламасы бүгін парламенттің жалпы отырысында талқыға салынады.
1 қыркүйекте премьер-министр Ахмет Давутоғлу тарапынан оқылған 62-ші үкіметтің бағдарламасын талқыға салу сағат 14:00-те басталады.
4 саяси партияға 40 минуттай өз пікірлерін білдіруге уақыт беріледі.
Республикалық халық партиясы атынан Хүршит Гүнеш, Ұлттық қозғалыс партиясы атынан Юсуф Халачоғлу, Әділет пен өркендеу партиясына атынан Мұстафа Элиташ пен Нажи Бостанжы, Халықтардың демократиялық партиясы атынан Первин Булдан мен Эртугрул Күркчү сөз сөйлейтін болады.
Содан кейін үкімет бағдарламасы туралы пікірлерін білдіру үшін Республикалық халық партиясы мен Әділет пен өркендеу партиясынан бір депутатқа 10 минуттай уақыт беріледі.
Сын-ескертпелерге үкімет атынан премьер-министрдің орынбасары Бүлент Арынч жауап беретін болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар