Түркия F-16 жойғыш ұшақтарын мерәсіммен Пәкістанға өткізді

Түркия модернизациялаған F-16 жойғыш ұшақтар мерәсіммен Пәкістанға өткізілді

112922
Түркия F-16 жойғыш ұшақтарын мерәсіммен Пәкістанға өткізді

Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі Пәкістан F-16 модернизациялау бағдарламасы аясында соңғы 4 ұшақты Пакістан әуе күштеріне өткізді.
Келісім-шартқа 2009 жылы ТУСАШ пен Пәкістан Қорғаныс министрлігі арасында қол қойылған болатын.
Бағдарлама аясында Пәкістан Әуе күштеріне тиесілі 41 дана F-16 ұшақтың ТУСАШ заводтарында авионик және құрылымдық модернизация жүзеге асырылды.
ТУСАШ модернизациялау жұмыстарына қоса Пәкістан Әуе күштері қызметкеріне оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп, Пәкістан Әуе күштерінің техникалық қабілетін арттыруына үлес қосты.
Анкараға қарасты Казан ауданы ТУСАШ орталығында кеше ұйымдастырылған мерәсімге араларында Пәкістан Әуе күштері қолбасшысының орынбасары генерал-полковник Сохаил Аман мен Түрік әуе күштері қолбасшысы генерал-полковник Мехмет Шанвер де бар көптеген жоғары лауазымды қатысты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар