Түркия Сомалидегі шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігі Сомали халқының қасында екенін білдірді.

153178
Түркия Сомалидегі шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігі Сомалиде түрмеге жасалған шабуылды айыптады.
Сыртқы істер министрлігі Сомалидің астанасы Могадишода алдыңғы күні Сомали Хабар алу ұйымына қарасты бір түрмеге ұйымдастырылған шабуылды айыптайтынын білдірді.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде шабуылды табысты түрде кері қайтарудың Сомали қауіпсіздік күштерінің террормен күресте қол жеткізген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ортаға салуы тұрғысынан өте маңызды екені атап көрсетілді.
Түркияның Сомали халқына және Сомали үкіметінің ел көлемінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуді нысанаға алған іс-шараларын қолдайтыны білдірілген мәлімдемеде шабуылда қаза тапқан Сомали қауіпсіздік күштері қызметкерлері мен азаматтарға Алладан иман және жақындарына сабыр тілейтіні білдірілді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар