Түркия Израильдің заңсыз әрекеттерін айыптады

Израильдің бұл әрекеттерінің бейбітшілік орнатуға кедергі болатыны білдірілді

111941
Түркия Израильдің заңсыз әрекеттерін айыптады

Түркия Израильдің Иордания өзенінің батыс жағалауындағы Палестиналықтарға тиесілі жерлерді мемлекет меншігіне өткізу шешімін айыптады.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде бұл шешімнің атысты тоқтату келісімі мен бейбітшілікті тұрақтандыруға жағымсыз әсері болуы мүмкін екеніне назар аударылды.
«Израильдің Иордания өзенінің батыс жағалауындағы Палестиналықтарға тиесілі жерлерге кейін заңсыз орналастыру мақсатымен мемлекет меншігіне өткізу шешімін айыптаймыз» делінген мәлімдемеде «Бұл осы өңірдегі соңғы 30 жыл ішіндегі ең ауқымды жер басып алу әрекеті және бұл шешім халықаралық заңның бұзылғанын тағы да дәлелдеп отыр» делінген.
Мәлімдемеде «Израиль мен Палестина арасында әзер дегенде жасалған атысты тоқтату келісіміне жағымсыз әсер ететін, тұрақты бейбітшілік орнатуға кедергі болатын әрекеттерден аулақ болу керек. Осыған орай Израиль халықаралық заңға құрмет көрсетіп, бұл шешімінен қайтады деп күтеміз» делінген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар