Режеп Таип Ердоған Түркияның 12-ші президенті сайланды

Премьер-министр Режеп Таип Ердоған 51,85% дауыс жинап Түркия Республикасының 12-ші президенті сайланды

86221
Режеп Таип Ердоған Түркияның 12-ші президенті сайланды

Түрік халқының тұңғыш рет президент сайлау үшін сандыққа барғаны 1-ші турда бейресми қорытындыға қарағанда премьер-министр Режеп Таип Ердоған дауыстардың 51,85% жинап, президент сайланды.
12-ші президенттің сайланған жарыста 3 үміткер жарысты.
Билік партиясының Әділет және өркендеу партиясы үміткері Режеп Таип Ердоған болатын.
Мәжілістегі оппозиция партиялары Республикашыл халық партиясы және Ұлтшыл қозғалыс партиясына қоса 12 партияның ортақ үміткері Ислам және ынтымақтастық ұйымы бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлу болды.
Халықтардың демократия партиясының үміткері болса партиясының тең төрағасы Селахаттин Демирташ еді.
Барлық Түркияда сағат 08:00-де басталған дауыс беру жұмысы сағат 17:00-де аяқталды.
52 миллион 894 мың 115 сайлаушы Түркия бойынша 165 мың 108 сандықта дауыс берді.
Жоғары сайлау комитеті бейресми қорытындыға қарағанда 98,75 пайыз сандықтардың ашылғанын жариялады.
Осыған қарағанда Режеп Таип Ердоған 51,85%, Экмеледдин Ихсаноғлу 38,43%, Селахаттин Демирташ 9,72% дауыс жинады.
Премьер-министр Режеп Таип Ердоған Анкарада санаққа алынған дауыстардың 51,85% жинаса, Стамбұлда 51,9% дауыс жинап жарыста бірінші орынды иеленді.
Измир қаласында 58,7 пайызбен Экмеледдин Ихсаноғлу, Диярбакыр қаласында Селахаттин Демирташ 63,2 % жинады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар