Президент сайлауы қарсаңында

Президенттіктен үміткерлер митингтер өткізуде

77602
Президент сайлауы қарсаңында


Президенттіктен үміткер премьер-министр Эрдоған сайлау митингтері үшін кеше Балыкесир мен Измирде еді.
Митингтерде халық алдында сөз сөйлеген Эрдоған жаңа бір Түркияның туғанын, мұның көздеген мақсаттары биік алдыңғы қатарлы ел болатынын айтты.
Эрдоған «10 тамызда тепе-теңдікті қалыптастыратын тек қана халық болады. Халық нені қаласа сол болады»-деді.
Премьер-министрдің күн тәртібінде Израильдің Газаға шабуылдары да бар еді.
Эрдоған Израиль осындай қанқұйлы геноцид жасауды жалғастырып жатқан кезде Таяу Шығыста да, әлемде де бейбітшілік орнамайтынын білдірді.
Президенттіктен үміткер Экмеледдин Ихсаноғлу да кеше Хатайда кейбір қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бас қосты.
Халықтың тыныш, бөлініп-жарылмай өмір сүруі үшін президенттің барлық саяси көзқарастарға тең қашықтықта болуы және барлық халыққа сый-құрмет көрсетуі керектігін айтты.
Басқа бір президенттіктен үміткер Селахаддин Демирташ болса Бингөл мен Тунжелиде митинг өткізді.
«Бір тіл, бір дін, бір халық» ұранын сынға алған Демирташ Түркияның жарқын болашағы үшін барлық ұлттың тату-тәтті өмір сүруді таңдауы керектігін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар