Аббас Гүл және Ердоғанмен кездесті

Басшылар Палестинаның қазіргі жағдайын талқылады.

64165
Аббас Гүл және Ердоғанмен кездесті

Аббас Гүл және Ердоғанмен кездесті.
Түркияға келген Палестина елбасы Махмуд Аббас кеше Стамбұлда елбасы Абдуллах Гүлмен кездесті.
Гүл кездесуден кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында соңғы кездесулерден кейін Палестинада үлкен жаңалықтар болғанын, халықаралық ымыраласу болған Палестина мемлекетінің халықаралық салада да маңызды қадамдар басқанын айтты.
Гүл соңғы 10 күн ішінде Израиль шабуылдарының әрі Палестина халқын, әрі ымыраласуға дайын Палестина үкіметін нысанаға алғанын білдірді.
Гүл оқиғалар жөнінде өзіне мағлұмат бергені үшін Аббасқа алғыс айтты.
Аббас та «БҰҰ-да Түркияның бізге берген қолдауы және ойнаған ролі шындығында өте үлкен» деді.
Махмуд Аббас одан кейін Бас министр Режеп Тайып Ердоғанмен бірге Әділет және даму партиясы Стамбұл провинциясының ауызашарына қатысты. Одан соң екі лидер Долмабахчедегі Бас министрлік ғимаратында бас қосты.
Кездесуде Газаға бағытталған құрлық шабуылдарының соңғы жағдайы және Түркияның осы процесте қандай бір рол атқаратыны мәселесі қолға алынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар