Конституциялық сот төрағалары Францияда бас қосты

Жиналысқа Түркия атына Хашим Кылыч қатысты

121559
Конституциялық сот төрағалары Францияда бас қосты

Еуропа кеңесі елдері Конституциялық сот төрағалары Францияның Страсбург қаласында бас қосты.
Жиналыста Еуропа Адам құқығы келісім шартының бұзылуы мәселесінде конституциялық соттардың рөлін арттыру талқыланды.
Түркия атына қатысқан Конституциялық соттың төрағасы Хашим Кылыч Түркияның жеке адамдардың өтініш беру хақы туралы тәжірибелерін ортаға салды.
Конституциялық соттың төрағасы Хашим Кылыч өз сөзінде «Түркия Конституциялық соты жеке адамдардың өтініш беру жолын ашу арқылы өзгеше көзқарастағылардың бірге өмір сүруінің кепілі болу үшін маңызды жауапкершілік алып отыр» деді.
Кылыч Конституциялық соттың Түркияда жеке адамдардың бостандықтарын кеңейткенін, олардың хақын қорғауға күш салып отырғанына назар аударды.
Еуропа Адам құқығы сотында 6 айлық мерзім үшін рапортер тағайындағандарын және жеке адамдардың өтініш беру мүмкіндігін танытатын жиналыстар өткізгендерін айтқан Кылыч Еуропа кеңесіне де қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
Хашим Кылыч Еуропа кеңесімен әріптесе отырып жүзеге асырылатын жаңа бір жоба бар екенін білдірді. Жоба сот, прокурор мен адвокаттардың жеке өтініш беруі және Конституциялық соттың процедуралары туралы мәлімет беруді мақсат етіп отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар